«Халқының қаһарман ақыны»
№12 кітапхана қазақ поэзиясының дауылпаз ақыны, көрнекті сөз зергері Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Халқының қаһарман ақыны» атты әдеби сағат өтті. Шараға бастауыш сынып жетекшісі Сейтпенбетова Бақыт Әділбекқызы мен кітапханашы Бурханова Ғалия қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаянды тамашалап, жалынды жырларымен танысты. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті.
Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың бай шығармашылық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың кітап оқуға және әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау.







