«Еңбекпен елге танылған ел анасы»

 №9 кітапханада Социалистік Еңбек Ері Зәкира Ержанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Еңбекпен елге танылған ел анасы» атты танымдық кеш өткізілді.
  Іс-шараның мақсаты – Социалистік Еңбек Ері Зәкира Ержанованың өнегелі өмір жолын, еңбек еткен жылдарын жас ұрпаққа таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, ел тарихында өзіндік із қалдырған тұлғалардың өмірін насихаттау.
  Шара барысында қатысушыларға Зәкира Ержанованың өмірі мен еңбек жолы туралы мәліметтер беріліп, оның қажырлы еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі жайында әңгіме өрбіді. Еңбегімен елге танылып, халық құрметіне бөленген тұлғаның өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі екені айтылды. Еңбек адамының қоғамдағы орны мен еңбектің қадірі туралы түсінік беріліп, туған жерге адал қызмет етудің маңыздылығы насихатталды.
21 қазан 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам