«Дәуір рухындағы тарихи тұлға»

 №20 кітапхана көреген саясаткер, шебер дипломат, ержүрек батыр, мемлекет қайраткері, Абылай ханның 315 жылдығына орай «Дәуір рухындағы тарихи тұлға» атты тарихи кеш өтті. Шараға Ә.Мүсілімұлы атындағы № 101 мектеп – лицейінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кешті мектеп басшысы Боданов Ерлан Теңізбайұлы ашып берді. 
 Шара барысында ХҮІІІ ғасырда жарты ғасырға жуық үш жүздің ханы болған Абылай ханның өміріне арналған бейне слайд көрсетіліп, тарихи тұлғамызға арналған ақындардың арнау өлеңдері жатқа оқылды. Кеш қонағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының акадимигі Ахметбек Бақытжан   Мұқарамұлы қатысып жастарға бүгінгі тарихи кешімізден алатын тағлымы туралы өз ойымен бөлісіп,  терең мағлұмат берді. Сонымен бірге Абылай ханның даналығы мен батырлығы бейнеленген көрініс сахналанды. 
22 қазан 2026 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам