«Бес қонақ» повесі

 №14 кітапханада белгілі қазақ жазушысы, журналист және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әдебиет әлеміне із қалдырған тұлға М.Сүндетовтің туғанына 90 жыл толуына орай жазушының «Бес қонақ» повесі бойынша кітап талдау болып өтті.
 Шараның мақсаты – жазушының өмірі мен шығармаларын таныстыру, қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру.
 Шараға №189 мектептің 7 сынып оқушылары және «Әл-Әзиз» оқу орталығының оқушылары қатысты. 
Шара барысында «Бес қонақ» повесінің терең мазмұны мен онда көтерілген өзекті әлеуметтік-психологиялық тақырыптар кеңінен талқыланып, басты кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі мен болмыс-бітіміне жан-жақты талдау жасалды. Сондай-ақ шығармадағы адам тағдырының күрделі иірімдерін, ауыл өміріндегі қатал тіршілік тауқыметіне төзу мен онымен күресу жолындағы қайсарлықты тілге тиек етіп, адам бойындағы жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық текетіресі төңірегінде мазмұнды пайымдаулар мен ғибратты түсіндірмелер айтылды. 
22 қазан 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам