«Өз елім, кең байтақ жерім!»

 №6 кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай Қ.Қаракөзов атындағы №235 мектеп – гимназиясының оқушылары арасында «Өз елім, кең байтақ жерім!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 Көрменің мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау.
 Көрмеге еліміздің тарихы, тәуелсіздік жетістіктері, туған жер табиғаты, ұлттық әдебиет пен мәдениет туралы кітаптар қойылды. Оқушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, өздерін қызықтырған кітаптарды тамашалады. Сонымен қатар Республика күнінің тарихи маңызы мен тәуелсіздіктің қадірі туралы ақпарат берілді.
Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, туған ел мен жер туралы білімдерін толықтырды. Кітап көрмесі жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, елін сүюге және Отанын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. 
22 қазан 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам