«Егемен елім - Қазақстан»
№3 кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім - Қазақстан» атты тарихи-шолу Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 6 сынып оқушыларымен өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының егемендік алу тарихын таныстыру, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдері туралы түсінік беру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Шара барысында Республика күнінің тарихи маңызы, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация және оның еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы маңызы айтылды. Сонымен қатар еліміздің мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары, тарихи жетістіктері мен жарқын болашағы туралы әңгіме өрбіді. «Республика - азаттығымның айғағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи деректер таныстырылып, оқырмандардың туған ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға, ел тарихын білу, тәуелсіздікті бағалау және отанға деген сүйіспеншілікті нығайтудың маңызы туралы ой бөлісті.
Кітапхана оқырмандары Р.Нұрасыл Қадыр Мырзалиевтің «Қазақ осы» әнін айтса, «Дос пейілді Қазақстан», «Қазақстаным», «Қарышта Қазақстан», «Отанды сүю ерге сын» атты белгілі ақын Болат Үсенбаевтың өлеңдерін оқыды.







