Табиғатты аялау-бабалар аманаты
А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Балалар бұрышының» ұйымдастыруымен «Табиғатты аялау-бабалар аманаты» атты экология сағатын өткізіліп, қоршаған ортаны қорғау, қаламызды таза ұстап, табиғат байлығын қадірлей білу керектігі жайлы жас оқырмандарымыз өз ой-пікірлерін қалыптастырды. Сонымен қатар «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты көшпелі кітап көрмесіндегі «Қазақстан қорықтары», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Табиғатым -тағдырым», «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері», «Қазақстанның жануарлары», «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» т.б.әдебиеттер бүлдіршіндердің сұранысына ие болды.


