Тұрақтылық –тәуелсіздік тұғыры
№12 кітапхана «Сырдария» жазғы тынығу лагерінде кітапты насихаттау, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Тұрақтылық –тәуелсіздік тұғыры» атты патриоттық әндер кешін ұйымдастырды. Кештің мақсаты - жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру,сонымен қатар өнерге баулу. Бейбітшілік туын биікке көтерген Қазақстан халқының жарқын бейнесі жайында өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Ұлт мерекесіне тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын деген ізгі ниеттерін жастар өнерлері арқылы білдірді.







