Туған өлкем тұнған шежіре
№1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында Тасбөгет кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Туған өлкем тұнған шежіре» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сыр елінің табиғаты, Қызылорда қаласының тарихы жайлы әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Шараға әр топтағы оқырмандар қатыстырылып, олардың арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.







