Терроризм – бүкіл әлемге төнген қауіп
№20 кітапханада оқырмандарға терроризм жайлы терең түсінік беру, таралу себептері мен зардаптарын ұғындыру, теріс жолдан аулақ болуға, бейбіт өмірдің қадірін білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Терроризм – бүкіл әлемге төнген қауіп» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Шара барысында тақырып аясында сөреге қойылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар оқырмандарға кеңінен таныстырылып, экстремистік топтардың қауіптілігі туралы ақпараттар берілді.







