Табиғат – тал бесігім
Жас оқырмандарды табиғатты аялауға, оны көркейтіп, қорғауға шақыру және табиғат туралы кітаптарды насихаттау мақсатында №13 балалар кітапханасында «Табиғат – тал бесігім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесіне Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбековтың «Өсімдіктер әлемі», «Тірі табиғат», «Жануарлар әлемінің үлкен атласы», «Қазақстан қызыл кітабы беттерінен», Е.Раушановтың «Құстар біздің досымыз» атты кітаптары және мерзімді басылымда жарық көрген мақалалар қойылып келушілерге таныстырылды. Көп томдық «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясында еліміздің табиғаты, көрікті қорықтары, жануарлар әлемі т.б. тақырыптардағы мәліметтерден кітапханашы оқырмандарға үзінділер оқып берді. Балалар табиғат туралы мақал- мәтелдер айтып жұмбақтар шешті.







