Электронды кітаптың пайдасы мен зияны
№ 16 кітапханада «Электронды кітаптың пайдасы мен зияны» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандарға кітап қорындағы электронды әдебиеттер таныстырылып, оларды QR-код арқылы жүктеу жолдары көрсетілді. Кітаптың электронды нұсқасын ғаламтор арқылы кез-келген уақытта, кез-келген орында оқуға мүмкіндік туралы, сонымен қатар дәстүрлі кітапты оқудың пайдасы, ұзақ есте сақталатындығы жайлы мағыналы әңгімелер айтылды. Мақсаты: Ең сабырлы ұстаз, ғасырлар бойы ата – бабадан мұра болып келген асыл қазына, рухани құндылықтарымыздың төрінен орын тепкен кітаптың қазіргі таңда ешқашан өз қасиетін жоймайтындығын оқырмандарға насихаттау, маңыздылығын түсіндіру.








