Атқа міну-ұлтымыздың ұлы көрінісі

      А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханаың  «Coworking» орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалық  бағдарламасы аясында «Атқа міну-ұлтымыздың ұлы көрінісі» тақырыбында слайд шолу дайындап  оқырмандарға таныстырылды. Атқа міну мəдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мəдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дəуірдің символына айналды.  Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты əскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер əлемі «мəдени кодының» айрықша элементі.  Шара барысында  «Жас Отан» Жастар  Қанатының  белсенді  мүшелері осы және де басқа  да атқа міну мәдениетінің тарихына қатысты  слайдтарды экраннан тамашалап, өз ойларымен бөлісті.

22 шілде 2019 ж. 1 335

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам