Сұлулық пен денсаулық
№3 кітапхана оқырмандар арасында «Сұлулық пен денсаулық»- атты салауат сабағын өткізіп, «денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтарға бой алдырмай, салауатты өмір сүру, спортпен шұғылдану, аурудың айықпас сырқатқа шалдығуына жол бермеу немесе алдын - ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылатындығы жайында әңгімелеп берілді. Жастарымызға белгілі дәрігер Уатқан Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда», белгілі балалар хирургі, доцент Әбдісабыр Өмешүлының «Салауатты өмір - денсаулық кепілі» атты тағы да басқа кітаптарымен қоса «Валеология», «Денсаулық» сияқты мерзімдік басылымдардан түрлі секцияларға қатысып спорттың бір түрімен міндетті түрде шұғылдану, жүгіру, таңертеңгілік жаттығу жасауды әдетке айналдырып, баға жетпес денсаулығымызды күте білуіміз керектігі жайында қажетті мағлұматтар берілді.








