Аймағы мықты-айбынды ел
Спорт- ел мен жердің намысын асқақтатып, ұлтымызға рухани күш беретін, жігерін жандырып, рухын көтеретін киелі өнер. Сол киелі өнерді қастерлейтін бүгінгі облыс спортшыларын таныстыру мақсатында №18 кітапханада «Аймағы мықты-айбынды ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында әлемнің шаршы алаңдарына шығып, көптеген жоғары табыстарға қол жеткізіп жүрген жерлестеріміз боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты, ауыр атлет Рүстем Сыбайды, грэпплинг Руслан Мұстафаны , шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай тағы да басқа саңлақтарымыз туралы мағлұматтар берілді.







