Нашақорлық-ғасыр дерті

     №14 филиал Белкөл кітапханасы  клуб қызметкерлерімен  бірлесіп   «Сырдария»  лагерінің  тынығушы балалар  арасында «Нашақорлық-ғасыр дерті » атты  ақпарат сағатын   өткізді. Жас ұрпаққа  нашақорлық, есірткі  және оның  зияндылығы  жайлы мол мағлұмат беру , оның алдын алу,  салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білімдерін тиянақтау мақсатындағы шара барысында  «Есірткісіз болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  әдебиеттерге шолу жасалды. Ә.С. Суханбердинаның «Есіркі-қазіргі заман кеселі» атты кітапшасынан  нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігі мен зияндылығы туралы көптеген мәліметтер айтылды.  Ақпарат сағаты соңында балалар стикерге нашақорлық жайлы  өз пікірлерін жазып қалдырды. 
 

23 шілде 2019 ж. 1 204

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам