Жауырыны жерге тимеген
№19 кітапхана Жастар орталығында жастардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Балуан Шолақтың 165 жылдығына орай «Жауырыны жерге тимеген» эстафеталық сайыс өткізілді. Болашақ ұрпақтарымыздың салауатты өмір салтын ұстануда спорттық ойынымыздың орны ерекше. Шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, жастар «Сұңқар», «Тұлпар» атты 2 топқа бөлініп, 5 кезең бойынша сайысты. «Допты ойын» , «Кім бірінші», «Секіртпемен секіру», «Кім жылдам» кезеңіндерінде небір кедергілерге толы тойтарыс бере отырып «Сұңқар» тобы жеңімпаз атанды. Белсенділер мен жеңімпаздар марапатталды. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына салауатты өмір салтына қалыптастыру, спортпен шұғылдануға насихаттау. Жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, төзімділікке, белсенділікке баулып, күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.








