Қызғалдақ- дала сәні
Әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі болса, соның Қазақстанда 35 түрі өседі екен. Жер жүзіндегі қызғалдақтың басым көпшілігі біздің дала қызғалдағының ұрпағы саналады. Бұл өсімдіктер біздің жерімізде бүр жарып, жер жүзіне таралған.
№ 11 Талдыарал ауылдық кітапханасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Қызғалдақ- дала сәні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қызғалдақ жайлы қызықты ақпараттар берілді. Балалар ғылыми тұрғыдан дәлелденіп алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» атанған асқақ Алатаудың баурайы табиғатының көркем суреттерін кітаптан тамашалады.







