Оқы және өзгеге ұсын!
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Оқы және өзгеге ұсын!» тақырыбында буккросинг акциясы өткізілді.Шара барысында кітапхана оқырмандары өздерінің оқыған кітаптарымен пікір алмасып, өзара кітап алмасты. Шараның басты мақсаты өзің оқыған кітаптарға екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту.







