Алғыс айту парызым

 №10 Қараөзек ауылдық кітапханасында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өткізілді. Шараға қазақ келіндері, ауыл тұрғындары - Әбдіжәлелова Анастасия Дмитриевна мен Гарифуллина Роза Шарировна қатысып ауыл тұрғындарына, өсіп-өнген ортасына алғыс сезімдерін білдіріп, қазақ ұлтының ерекшелігі, тәлім-тәрбиесі мен ұлттық салт-дәстүрдің артықшылығына тоқталды. Өткен өмірлерінен қызықты естеліктер айтып, ортақ пікірдегі әңгімелер өрбітті. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қоқыбасов Сержан, ұстаз Қайырбеков Бақытжандар көптеген ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, бірлігі мен татулығын жарастырып отырған еліміздің ұстанымымен саяси құндылығын кеңінен әңгімеледі. 

 
01 наурыз 2019 ж. 1 248

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам