Абай-ұлтымыздың ұлы мақтанышы

 Абай есімі –қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Мемлекет басшысы 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбай­ұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және маз­­мұн­дық деңгейде мерекелеуді қамта­масыз ету мақсатында жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде Абай өлеңдерін  оқу челленджі халық арасында зор серпіліс тудырып, үлкен ықылас пен қолдауға ие болуда.Ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында қалалық орталықтандырылған кітапханалардың ұйымдастыруымен ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай-ұлтымыздың ұлы мақтанышы»  атты әдеби оқу өткізіліп қала орталығында ақын атындағы аллея ән мен жырға бөленді. Әдеби оқуды «Жастар таңдайды » жобасының жеңімпазы Төребай Тұрсынбай  «Абай»  өлеңімен ашты. Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ғазиза Әбілда сөз сөйлеп Абай-халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ақынның өлмес мұрасын әлемге таныту баршамыздың парызымыз екендігін айтты. №43 №257 №140 №198 №173 мектеп оқушылары Иззат Д,Жанболат Н.Көпжасарова А.Нұрмұхамед Ж. Абилгазим А. Кешабадин А.т.б Абай өлеңдерін,қара сөздерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыса, кітапханашы Болатқызы Айжан Абай әндерін әуелете шырқап, жыршыл қауымды риза етті. Қазақтың ұлы ақынының шығармаларын насихаттау мақсатындағы шаралар жыл бойына жалғасын табады деген сеніммен әдеби оқу қортындыланды.
09 тамыз 2019 ж. 871

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам