Салауатты ұлт – Салауатты ұрпақ
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 1 кітапхананың ұйымдастырумен «Салауатты ұлт – Салауатты ұрпақ» атты спорттық ойын мәдениет Үйінің би залында өткізілді. Оқырмандарымыз «Қарлығаш », «Сұңқар» тобы болып екіге бөлінді. Қазақ халқының ұлттық ойындары «Кім жылдам», «Ортаға түспек» т.б. ойындар өткізілді. Шараға № 257 мектептің 5 – 6 сынып, № 140 мектеп 5 сынып, № 11 мектеп лицейінің 4 – 5 сыныбы арасында өткізілді. Денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, жігерлі де сымбатты өсу әрбір адамның өз қолында. Шараға Болатбекова Арайлым, Алпысбаева Алуа, Нурланқызы Жаннұр, Ақылбек Дильназ, Арманқызы Арайлым, Жұмағазы Нұрбақыт, Шәрібек Дильназ спорттық ойындарға белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. Шара қызықты әрі тартымды өтті.







