Жазғы кітапхана
Жастар орталығында № 19 кітапханасында «Жазғы кітапхана» бағдарламасы бойынша «Төрт түлігім – ырысымның бірлігі» атты әңгіме өткізілді. Шара барысында оқырмандарға төрт түлік туралы түсінік бере отырып, олардың қадір-қасиеттері мен төлдері жайлы әңгіме өрбіді. Жануарларды күтіп-баптап, қамқорлық жасау керектігі жайлы, оларды қазақ халқы азық, көлік, байлық ретінде қастерлегені айтылды. Сонымен қатар жас оқырмандар Қ.Қайымның «Төрт түлік» атты танымдық кітабымен, «Дауысқа құлақ асайық» топтамасы бойынша жарық көрген «Жануарға жақын бол» атты кітабынан әр жануардың қалай дыбысталатынымен жете танысып, қызықты ақпараттар алды.







