Тазалық-денсаулық кепілі
Жастар орталығындағы № 19 кітапханада «Тазалық-денсаулық кепілі» атты салауат сабағы өткізілді. Шара барысында оқырмандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында: күнделікті денсаулыққа саналы түрде қарап, таза жүру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, пайдалы, пайдасыз тағамдар туралы, судың, ұлттық сусындарымыздың маңыздылығы жайлы салауат сабағы жүргізілді.









