Бір шаңырақ астында
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана С.Ысқақов атындағы «Қызылорда Құрылыс және Бизнес» колледжі студенттері мен №198 орта мектептің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік кеш өткізді.Мерекелік шара «Достық» үйінде бастау алып, әрі қарай С.Ысқақов атындағы « Қызылорда Құрылыс және Бизнес» колледжінде жалғасын тапты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсеткендей , бүгінде елімізде түрлі этностар өз мәдениеттерін, тілдерін, дәстүрлерін дамытуға тең құқылы екендігі айтылып, «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды. Колледж оқытушысы Қалиева Гүлнұр бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтардың достығы жайлы келелі ой-пікірін жеткізді. Жастар мерекеге орай жүрек жарды өлеңдер оқып, түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билері орындалды.



