Жез таңдай әнші

     Жастар орталығында орналасқан №19 кітапханада Қазақтың еңбек сіңірген әртісі,әнші  Мәдина Ералиеваның туған күніне орай  «Жез таңдай әнші » - атты  өмірі мен шығармашылығына арналған еске алу кеші  өткізілді. Еске алу кешінің қатысушыларына кітапхана қызметкерлері Мәдина Ералиева туралы мағұмат беріп, өмірінің қызыққа толы сәттеріне тоқталды. Әншінің «Сағым жылдар», «Күрең күз» әндерін Құлдүйсенова Меруерт нақышына келтіріп жанды дауыспен орындады.Әнші тірі болғанда биыл 65 жасқа толар еді. Әншінің өзі өмірден өтседе ,оның әндерін сүйіп тыңдайтын ізбасарлары мен көрермендері бар. Қазақ даласындай кең тынысты мақпал үнімен ән әлеміне өзіндік үн қосып, тыңдаушысын тамсандырған Мәдина Ералиеваның орындаған әндер әлі күнге тыңдарман құлағында.. Халық әндеріне ерекше жан бітірген күміс көмей әншісін қазақ елі ұмытқан емес.Кешке қатысушы оқырмандар, әншінің әндерін караоке арқылы шырқады. Мақсаты: Мәдина Ералиеваның өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен насихаттау,жастарымызды және рухани дүниесін байытулары үшін кітап оқуға кітапханаға тарту.


24 тамыз 2019 ж. 1 139

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам