Ата заң елдің айбыны, еркіндігі байлығы
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясының күніне орай №18 кітапханада «Ата заң елдің айбыны, еркіндігі байлығы» әдеби дайджест өткізілді. Айтулы іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Ата заңның қасиетіне, Елбасының атқарған еңбегіне, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және өз құқығымызды қорғайтын заң мен баптарға тоқталды. Әрі қарай оқырмандар викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы білімдерін байқатты. Тақырыпқа сай жасақталған «Ата Заң –елдіктің белгісі» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар кітап көрмесіне қойылған заң, құқық туралы әдебиеттермен жақынырақ танысып, білімдерін кеңейтті.







