Конституция – өміріміздің заңы

    А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапханада  «Конституция – өміріміздің заңы» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді. Халықтың еркіндігін айшықтайтын Ата Заңымыздың өз нормалары мен қағидаларын ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетіміз өркениетті дамыған елдердің қатарынан екендігін  насихаттау  мақсатында ұйымдастырылды. Ақпараттық сағат барысында тақырыпқа сай кітап көрмесі қойылып қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына кеңінен таныстырылды. Біз аз  уақытта айбары  асқан  қуатты  ұлтқа, дәулеті  тасқан әлеуметті елге айналғандығымыз, ортақ шаңырағымыздың шекарасын  шегелеп, іргемізді  мызғымастай етіп бекіткендігіміз,тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі  ұлт  өкілдері Конституция  қағидаттары төңірегіне топтасқандығымыз  жайында  да мәліметтер берілді.


28 тамыз 2019 ж. 997

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам