Шахмат ойындары

     № 4 кітапханада шахмат клубы өз жұмысын бастады. Кітапханамызда шахмат ойындары жиі ұйымдастылып тұрады. Оқушылар аса қызығушылық танытып жатыр. Тұрақты оқырмандарымыздың бірі шахматты жақсы меңгерген Мадияр,Әсел  кітапханамыздың оқырмандарына шахматтың қыр-сырымен бөлісті.Оқушылардың  ата-аналары да жаңа клубтың ашылғанына қуанышты . Әр оқушыға шахмат тақтасында қалай дұрыс жүру туралы тапсырмалар берілді. Балалар бөлініп шахмат ойнады. Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойларды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.
 
28 тамыз 2019 ж. 1 061

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам