Спорт әлемінің жас жұлдыздары
№2 балалар кітапханасында «Спорт әлемінің жас жұлдыздары» атты кітап көрмесіне әдеби шолу өтті. Бұл кітап көрмесінің басты мақсаты халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт жұлдыздарын дәріптеу арқылы , балалар арасында спортқа деген қызығушылығын арттыру. Мысалы: «Құлбаев Ж.Ә. «Спортымен атағы асқақтаған Ақмешіт» атты кітап арқылы балалар Сыр елі спортының тарихымен таңысып білсе, «Сүлеймен Ғ. «Топжарған» атты кітаптың қазақ спортының өркендеуіне үлес қосқан әйгілі спортшылар туралы таңысып білді. Ал, балалардың сүйіп оқыйтың «Айгөлек» журналының беттерінде «Жарық жұлдыз» атты бөлімінде Элизабет Тұрсынбаеваның жетістіктері туралы мағлұмат алды. Барлығы 12 әдебиет ұсынылды.







