Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

№8 кітапханада    Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай  ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жас буынның бойларына сіңіру  мақсатында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»  атты әдеби ойын өткізілді. Әдеби ойынға 10-11 жас аралығындағы кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, балалардың өз құқықтарына байланысты сұрақтарға жауап беріп, қызықты  тапсырмалар орындады. «Айбыны асқақ – Ата заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқырмандар оқуына «Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері», «Қазақтың Ата заңдары», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Ө.Қопабаевтың  «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы», Қ.Омархановтың  «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», т.б кітаптары ұсынылды.  

29 тамыз 2019 ж. 1 095

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам