Ғасырда бір туатын дарабоз

        № 6 кітапхана мен ЗК-169/1 мекемесінің ұйымдастыруыменен қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты әдеби кеш өткізілді. Кешті ЗК-169/1 мекемесінің бастығы ,әділет полковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы ашып, «Өлеңім өмірімді өрнектеген» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Мекеме қызметкерлері И.Жаңбыршиева, Д.Еркінқызы, Г.Шегебай, Н.Көшеров ақынның «Сезім», «Ғашықпын», «Фариза», «Шеше сен бақыттысың», «Өмір жайлы» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Н.Шаймерденов , Р.Байділдаев, Т.Төлегенұлы «Сәби болғым келеді», «Қайран жеңгем», «Сенің көзің» әндерін нақышына келтіріп орындады. «Сәби ана», «Аққулар ұйықтағанда» поэмаларынан көрініс көрсетілді. 

04 наурыз 2019 ж. 1 063

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам