Латын әліпбиі: Бүгін және ертең
№ 1 кітапханада «Латын әліпбиі: Бүгін және ертең» атты идеялар жәрмеңкесі Тасбөгет кенті әкімі ішкі саясат бөлімінің маманы Д.Қуанышбаева, №11 мектеп – лицейінің «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің оқытушылары З. Мәди мен Ж.Жаңалықбайқызының қатысуымен өткізілді. Шара барысында тіл мамандары латын әліпбиінің қолданысқа енуінің өзіндік ерекшелігі мен қажеттілігі туралы айтып, латын қарпінің таңбалануы мен оқылуы,, көптілділік жайлы тың идеяларымен бөлісті.








