Жеті атасын білу тектіліктің белгісі
№10 Қызылөзек ауылдық кітапхана клуб үйімен бірлесе отырып «Жеті атасын білу тектіліктің белгісі» атты дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында №39 «Қызылөзек» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Г.Қыстаубаева аталмыш тақырып бойынша мәлімдеме жасап, ұлтымыздың туыстық тектілігі мен тазалығы жайлы айтты. Ауыл ардагерлері Ә.Досанов, Ғ.Қайырбеков, Т.Дүрманов, А.Өмірғалиева ұрпаққа шежіре үйрету, жеті атаны білу, ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы мағыналы әңгімелер айтып, жастарға көп мағлұматтар берді.







