Қазақ еліне – мың алғыс!
№20 кітапханада оқырмандарға 1 наурыз – Алғыс айту күнінің мән-мағынасын түсіндіру, қазақ еліне, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет сезімдерін арттыру, Елбасының Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау мақсатында 3 беттік «Қазақ еліне – мың алғыс!» атты ауызша журнал өткізілді. Шара барысында оқырмандарға «Алғыс айту күнінің тарихы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздіктің жемісі», «Жүзі бөлек, жүрегі бір» атты тақырыптар бойынша ақпараттар таныстырылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шараға Ә. Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейдің ұстаздары мен оқушылары қатысты.


