Тіл мерейі – ел мерейі
№ 16 қалалық кітапханада 5 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай № 136 мектеп оқушылары қатысуымен «Тіл мерейі – ел мерейі» атты брейн-ринг ойыны өткізілді. Сайыскерлер «Зерде» және «Жалын» топтарына бөлініп, «Бәрін білгім келеді», Кім тапқыр», «Кім көп сөз біледі? / топтық жұмыс/, «Әдебиет айнасы» кезеңдер бойынша сайысқа түсті. Сан түрлі сұрақтарға ұтқыр жауап беріп, белсенділік танытқан «Жалын» тобы жеңіске жетіп, марапатталды. Шара соңында қатысушылар кітап көрмесімен танысты.








