Тілім менің- тірлігімнің айғағы
№6 кітапхананың ұйымдастыруыменен №235 орта мектептің 7 б сынып оқушыларыменен «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты жыр сағаты өткізілді. Жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу, сөз құдыретін түсініп, өз тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатындағы шара барысында мақал -мәтелдер, нақыл сөздер айтылып, қазақ ақындарының өлеңдері жатқа оқылды. «Тіл-халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







