Тарихы терең-Қызылөзек
Қызылөзек ауылдық №10 кітапханада қала күніне орай «Тарихы терең-Қызылөзек» атты кітап көрме ұйымдастырылып таныстырылды. Кітап көрмесі оқушылардың туған елін,жерін,Отанын сүюге,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру,еліміздің мақтаныштарының үлгі-өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Кітап көрмеге Қызылорда туралы кітаптар,энциклопедиялар,мерзімді басылым беттері мен «Төрт түлігі мың қырған»атты Қараөзек совхозының тарихы туралы естеліктер таныстырылды.







