Өнердегі биік өнеге
№17 кітапханада халық әртісі, сахна және кино өнерінің даңқты шебері Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай «Өнердегі биік өнеге» атты өнер сағаты өткізілді. Қазақ халқының өнер перзенттерін қастерлеу мақсатындағы шарада саңлақ актрисаның өмірі мен өнердегі өнегелі жолы жайлы мәлімет берілді.








