» » Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді

Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді

       Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және  орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің ұйымдастыруымен   қос ғасырлық тарихы тасқа басылған, сәулеті мен сәні жарасқан Қызылорда қаласы күніне орай  «Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» атты жыр марафоны ашық аспан астында «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығы» ескерткіші амфитеатрында  өткізілді. Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, жергілікті ақын- жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау  және кітап оқуға баулу мақсатындағы шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Есжанов  кіріспе сөзбен ашты.  Жыр  додасын Р.Наурызбаева,  Н.Мұхамеджан Н.Көбегенұлы, Т. Абылаев сынды сырдың айтулы ақындары   арнау өлеңдерімен бастаса,  А.Сайлаубаев  бастаған жас ақындар тобыры  балғын жырларымен жалғастырды. Шараны айтыскер ақын  М.Ниязов сөз шырайын келістіре жүргізіп, әншілер  Ә.Өмірбекова, А.Болатқызы,  Ж.Кеңесова  әсем әндерін әуелетті. Кітапхананың жас оқырмандары  Сыр елі ақындарының туған жерге  арнау өлеңдерін мәнерлеп оқып көрермендерге әсерлі жеткізе білді. 
25 қыркүйек 2019 ж. 939

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам