Туған жерім-тұнған шежіре
Қарауылтөбе ауылдық №7 кітапхананың ұйымдастыруымен Сырдың бас шаһары Қызылорда қаласы тарихын таныстыру мақсатында «Туған жерім-тұнған шежіре» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Шара барысында Қызылорда қаласының тарихы кеңінен таныстырылып, сыр топырағынан шыққан қазақ ақындарының туған жерге деген арнау өлеңдері мәнерлеп жатқа оқылды. Кітап көрмесі бойынша өлкеміз жайлы әдебиеттер оқуға ұсынылды.








