Тіл-жаның, тіл-қаның, тіл-арың, тіл-әнің
№14 кітапханада «Тіл-жаның, тіл-қаның, тіл-арың, тіл-әнің» атты әдеби ойын сайысы №189 мектептің 9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тіліміздің мерейін көтеру, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы сайыс барысында жас оқырмандар «Жас ұлан» және «Жас қыран» топтарына бөлініп, 5 кезең бойынша жарысты. Сайыс қызықты әрі тартымды өтіп, би -шешендердің тапқырлығы жайлы көріністері көрермен көңілінен шыға білді. Екі топтың мүшелері де алғыс хаттармен марапатталып, өте жақсы белсенділік танытты.







