Ана тілім - ардағым
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Ана тілім - ардағым» тақырыбында әдеби оқу өткізіліп, жас оқырмандар ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, отанға деген сүйіспеншіліктерін қазақ ақындарының өлең-жырлары арқылы жеткізді. Іс шара барысында С.Иманасовтың «Тіл», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», І.Жансүгіровтің «Ана тілім», С.Торайғыровтың «Қазақ тілі», Қ.Мырза Әлінің «Ана тілің, арың бұл», М.Әлімбаевтың «Ана тілі» өлеңдері мәнерлеп оқылды. «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.








