Тіл – татулық тірегі
№20 кітапхананың ұйымдастыруымен оқырмандардың ана тілімізге деген құрмет сезімдерін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, сөздік қорларын молайтып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Тіл – татулық тірегі» атты әдеби оқу өткізілді. Шара барысында оқырмандар қазақ ақындарының тіл жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқып,қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Шараға арналып кітап көрмесі ұйымдастырылып, тіл жайлы әдебиеттер насихатталды.







