Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы
№20 кітапханада жас ұрпақты отбасы құндылықтарын сақтай білуге, адамгершілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, имандылыққа, білімді, зиялы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында Отбасы күніне арналған «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты өнеге сағаты өткізілді. Шара барысында өнегелі отбасының ақ жаулықты аналары А. Айтжанова, К. Жарылқасыновалар отбасындағы балалардың тәлім-тәрбиесі, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жайлы тағылымды әңгімелер айтып, жас оқырмандарға бала қиялын, ой-өрісін дамытып, танымдық қабілеттерін арттыратын ертегілерді оқып берді.








