Биік парасат иесі
Сыр өңірін басқарып, оның дамуына елеулі үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Сейілбек Шаухамановтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Биік парасат иесі» ғылыми – теориялық конференция аясында А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхана Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сырдың дара тұлғасы» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырып Сыр жұртшылығына кеңінен насихаттады. Кітап көрменің мақсаты: Жастарды, кітап сүйер қауымды С.Шаухамановтың өмір жолдарымен таныстырып, шығармашылығын насихаттау. Сыр елінің құрметті азаматтары мен Сейілбек ағамыздың жұбайы, кітап сүйер қауым, көрмеге қойылған С.Шаухаманұлының кейінгі жиырма жылдың бедерінде шығармашылықпен айналысып, жарық көрген «Ер қанаты», «Алтын алма, ақыл ал», «Иесі кім бұл елдің, киесі кім бұл жердің?», «Әуезовтың ата - тегі», «Ақ бата» атты кітаптарымен және мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген үзеңгес жолдастары мен шәкірттерінің мақалалармен танысты.








