Ұлттық руханиятымыздың өзегі-тіл
№ 17 кітапханада «Ұлттық руханиятымыздың өзегі-тіл» атты көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Көрмеге мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар мен А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы», Ө.Айтбайұлының «Тілтірек», Р.Бердібайдың «Түбі бір түрікпіз», О.Сүлейменовтың «Таңбалар тілі», А.Османның «Тіл тәуелсіздігі-ел болашағы» т.б әдебиеттері қойылды. Сонымен бірге өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің де тілдері жайында кітаптар насихатталды.







