Өшпес өнеге
А.С. Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхана мен «С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес» колледжі бірлесіп қала күніне орай Смағұл Ысқақовтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өшпес өнеге» атты еске алу кешін өткізді. Қайраткердің қаланың гүлденуіне, өсіп өркендеуіне де үлкен үлес қосқан ерен еңбегін ,ойы терең тау тұлға ретіндегі естеліктерін - жиен інісі И. Жұмағұлов пен шәкірттері ардагер ұстаз С. Раханов, И.Т. Жетербаев, директор орынбасары Н. Нәбиқызы айтып, жылы лебіздерін білдірді. Жас оқырмандар қайраткерге арнау өлеңдерді жатқа оқып, бейне ролик көрсетілді. «Мәңгілік із қалдырған» атты кітап көрмесі жасалып, жастар қауымына кеңінен насихатталды. Шараны аға кітапханашы Римма Нарекешқызы қорытындылап, қонақтарға сый-сыяпат көрсетті.







