Толағай ақын, толастамас жыр

       №10 Қараөзек ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығына орай «Толағай ақын, толастамас жыр» атты әдеби оқу №39 мектептің оқушылары мен оқытушылары арасында өткізілді. «Сырда туған сыршыл ақын» кітап көрмесі бойынша шығармалары мен сыр өңірінде өткен балалық шағы, ақынның анасы Айманкүлдің ақындық шығармашылығы туралы айтылды, бейне ролик көрсетілді. Жас оқырмандар А.Мұратбек, Ж.Абдықайыр, М.Мамбет ақынның өлеңдерін, Б.Ганиұлы «Еске алу» поэмасын жатқа оқып, Ж.Кеңесова «Сырдария «әнін шырқады. Шараны мектеп директорының орынбасары Б.Бекенова қорытындылап, отандық әдебиеттерді насихаттау мақсатындағы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жыл таңдауындағы ақынның поэмалары мен жазушы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын оқуға шақырды. 

05 наурыз 2019 ж. 1 494

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам