Текті талант, дара дарын
Қарымды қаламгер, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жасқа толуына орай №3 және №4 кітапхананың ұйымдастыруымен Текей батыр атындағы колледжде «Текті талант, дара дарын» атты портрет кеші өткізілді. Шарада Әбдіжәміл Нұрпейісовтың еңбек жолы, өмірі мен қызметі, шығармашылық мұрасы жайында айтылып, бейне роликтер көрсетілді. Шара барысында « Текей батыр» атындағы колледждің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Имбетова Нағима XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан жазушы туралы айтып, жазушының КСРО мемлекеттік сыйлығына иегері атандырған «Қан мен тер» трилогиясына талдау жасады. Жазушының шығармаларына щолу жасалып, жан-жақты ақпарат берілді.







